BonasMacFarlane репетиторлары, әдетте, оқушыларға  мектептер мен университеттерге түсу кезінде кедергілерді жеңіп шығуда  көмек көрсету үшін жалданады... Біз отбасыларына  дарынды жас  мамандарды ұсынамыз, » – деп атап өтті Чарльз Бонас,  BonasMacFarlane басқарушы директоры. «Олар – суретшілер, Вест-Энд актерлері, ғылым докторлары... дарынды, бірегей адамдар, олар балалар үшін көп нәрсені ұсына алады.

1998 жылы негізі қаланған,  өзінің шағын нысанын  арнайы сақтап қалған және «тапсырыспен» қызметтерді ұсынатын, BonasMacFarlane сіздің пұрсатты ұрпағыңыз үшін білім  беру саласында репетиторлық және консалтингтік қызметтердің жоғары эшалоны болып табылады.

Мектептегі білім үшін ақы төлейтін ата-аналардың өзі  репетиторлықты  қандай да бір қажетсіз нәрсе ретінде қабылдамайды; Чарльз Бонас,  «BonasMacFarlane» лондондық репетиторлық агенттіктің басқарушы директоры, өздерінің клиенттерінің  көпшілігінің  жеке білім алатындығын атап өтті… Бұл сұранысты күшейіп отырған бәсекелестік пен  ең  беделді университеттерге оқуға түсу ниеті баса көрсетеді.

 Білім беру  шыңының ең жоғарғы басына түсу кезіндегі қатал бәсекелестік, жарыстың  барынша ерте басталатындығын білдіреді...  Ата-аналар кейбір балабақшаның  қажетті есіктерді ашатындығына  сенеді. BonasMacFarlane   сізге қажетті балабақшада, сондай-ақ  мектеп алдында (4 жастан 8 жасқа дейінгі ұлдар үшін) және дайындық мектептерінде (4 жастан 11 жасқа дейінгі қыздар үшін) орын  табуға «сіздің мүмкіншілігіңізді арттырады».

9-сатылы кеңінен қамтылған толық процесте BonasMacFarlane жоғары оқу орындарына  оқуға түсу  бойынша  кеңесшілері баланың білімін бағалайды,  сәйкес келетін мектептердің толық тізімін жасайды, мектептермен келіссөздер жүргізеді, мектепке баруды ұйымдастырады,  балаға  оқуға түсу емтихандарын  тапсыру кезінде жетекшілік  етеді, сұхбаттан өтуде көмектеседі, оқуға түсу кезінде қажетті барлық құжаттаманы дайындауды  өздеріне алады, содан кейін  балаға бағыт береді.

Компанияның негізін қалаушы Чарльз Бонастың «Қазақстандық балалар мен талапкерлердің  шетелдік Жоғары оқу орындары мен  мектептерінде оқуға дайындығы»  тақырыбындағы сұхбаты 76 бетте.

ТЕНГРИ БОРТТЫҚ  ЖУРНАЛЫ , 2014, №2 (49) ШЫҒАРЫЛЫМЫ 

"Британдық жария мектептің үлгісі   дүние жүзінде қабылданған және  жаңғыртылған. Ол қойған  ағылшын тіліне оқыту стандарттары, әлбетте, өзінің танымалдылығын жоғалтпайды." – Компанияның негізін қалаушы  Чарльз Бонастың «Британдық жеке мектептер» тақырыбына сұхбаты, 84 бетте.

"The model of the British public school has been taken and copied throughout the world, setting a standard of education in English that never seems to lose its popularity." - Interview taken from Charles Bonas, the founder of Bonas MacFarlane Education on pg. 84